Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Инвестиционный омбудсмен

Инвестициялық омбудсмен бойынша ақпарат

Қазіргі таңда 2014 жылғы 12 маусымдағы № 209-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген Инвестициялық омбудсмен қызмет етуде.

Инвестициялық омбудсменнің рөлі инвесторлардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау болып табылады.

Инвестициялық омбудсменнің қызметі инвестициялар бойынша құзыретті органмен қамтамасыз етіледі.

2014 жылғы 30 қазандағы №1153 ҚР ҚЖ Инвестициялық омбудсменнің қызметі туралы ереже бекітілді.

2015 жылғы 25 мамырда Инвестициялық омбудсменнің бұйрығымен Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындаған мәселелер бойынша Жұмыс тобы құрылды.

Анықтама:

Жұмыс тобының құрамына Бас прокуратура, ҚР Әділет министрлігі, ҚР ҰЭМ, ҚР СІМ, ҚР ЭМ, ҚР ҚМ, ҚР АШМ, ҚР БҒМ, ҚР МСМ, ҚР ДСӘДМ-терінің бірінші орынбасарлары кіреді.

Одан басқа, Инвестициялық омбудсмен институтын қолдау үшін «KAZNEXINVEST» ЭИҰА» АҚ жанындағы инвесторлардың проблемалық мәселелерін жинақтау және оларды шешу бойынша жұмыс жүргізетін Инвесторларға қолдау көрсету орталығы жұмыс атқаруда.

Солай, инвестициялық омбудсмен институты қызметінің басынан бастап 2013 жылғы шілдеден әр түрлі арналар арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша 100-ден астам проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды қарастыратын шетелдік инвесторлардың 60-тан астам өтініші келіп түсті.

Шетелдік инвесторлармен тікелей және кері байланысты қалыптастыру және жүйелендіру, сондай-ақ инвестициялық омбудсменнің жүйелік жұмысын тездету мақсатында www.invest.gov.kz сайтында on-line платформасы іске қосылып, ол инвесторлардың өтінішін алуды жеңілдетіп, бюрократияны төмендетеді.

Инвесторлардың айтарлықтай жиі кездесетін қиындықтары мемлекеттік реттеудің келесі салаларында:

- салық және кеден заңнамасы;

- визалық, миграциялық, еңбек заңнамасы;

- құрылыс және лицензиялау саласындағы заңнама;

- жер қатынастарын реттейтін заңнама;

сондай-ақ, осы заңнамаларды қолдануда туындайтын проблемалар.

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Инвестициялар комитеті