Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Инвестиция комитетінің төрағасы

Туякбаев Сапарбек Куракбаевич
Туякбаев Сапарбек Куракбаевич

1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, жоғары білім алған.

2001 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бiлiктiлiгiмен Орта Шығыс техникалық университетін бітірді.

2004 жылы Торонто университетінің гуманитарлық ғылымдар саласында магистратураны бітірді.

21.01.2005 ж. - 17.04.2006 ж. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің бас сарапшысы, Астана қаласы.

16.04.2006 ж. - 25.03.2007 ж. - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы.

26.03.2007 ж. - 13.03.2008 ж. - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Хатшылығы стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы, Астана қаласы.

13.03.2008 ж. – 23.09.2009 ж. - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшлігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты, Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің консультанты, Астана қаласы.

23.09.2009 ж. – 27.02.2012 ж. - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы

27.02.2012 ж. – 24.10.2016 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы.

2016 жылы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.

Орысша, ағылшынша, түрікше, французша тілдерінде еркін сөйлесе алады.

Үйленген, үш баласы бар.

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Инвестициялар комитеті