Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Комитет туралы ереже

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының    
2014 жылғы 24 қазандағы  
№ 100 бұйрығына     
1-қосымша           

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Инвестиция комитеті» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті( бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істету және тарату салаларында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы
заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен
мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтың қатынастарға түседі.
5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Комитеттің заңды мекенжайы; Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Тransport Тоwеr» әкімшілік ғимараты.
8. Комитеттің толық атауы:
мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілде - реcпубликанское государственное учреждение «Комитет по инвестициям Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан».
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен есебінен жүзеге асырылады.
11. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түспейді.
Егер Комитетке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалық актілерде берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтарымен міндеттемелері

12. Міндеті:
арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істету және тарату саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруға қатысу.
13. Функциялары:
1) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс Істеуі және оларды тарату саласындағы мемлекеттік органдардың және басқарушы компаниялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
2) қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды әзірлеу;
3) арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары ұсынатын
мәліметтердің, негізінде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының
бірыңғай тізілімін жүргізу;
4) тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеуді жүргізу.
14. Міндеті:
инвестицияларды қолдаудың мемлекеттік саясатын іске асыру.
15. Функциялары:
1) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2) инвестор үшін «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау;
3) мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдендірілген тапсырысты қамтамасыз етуде уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвесторларға жәрдемдесу;
4) белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды беру туралы шешімдерді қабылдау;
5) инвестициялық преференцияларды ұсыну туралы шешімдер қабылдау;
6) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау;
7) инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
8) инвестициялық келісімшарттар жасасу, тіркеу және бұзу.
16. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Комитет:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығарады;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгіленген заңнамалық тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды таратады;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады
Комитеттің міндеттеріне:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелерге қатысу;
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолданған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
7) Комитетке бөлінетін бюджетті қаражаттың толық, уақытылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруы кіреді.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

18. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Төраға басқарады.
19. Комитет төрағасының Министрліктің жауапты хатшымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Комитет төрағасы Комитеттің құрылымдық және штат кестесі бойынша ұсыныстарды Министрліктің басшылығына ұсынады.
21. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады.
22. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
басшыларының міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) өз құзыреті бұйрықтарды шығарады;
3) Комитет қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және
лауазымдардан босатады;
4) Комитет қызметкерлерінің іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді:
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүддесін қорғайды;
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;
7) республикалық бюджеттік бағдарламалар іске асыру үшін
жауапкершілік арқалайды;
8) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
23. Комитет төрағасының орынбасары;
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметін өз құзыреті шегінде үйлестіреді;
2) Комитеттің төрағасы оған жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. Комитеттің мүлкі

24. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.
25. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығармайды немесе оған өзге де жолмен билік етпейді.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Инвестициялар комитеті